Поиск

Авторизация



Опрос

Оцените мой сайт
 
Бас бет мақала

мақала

«Туған жер»- деп тебіренсін жүрегін!

Біздің Өзбекстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қарақалпақтар мен қазақтар, түркімендер мен орыстар, татарлар мен кәрістер...еңбектенуде. Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – Өзбекстандықтардың қалауы.

Қазіргі уақытта тәуелсіз елімізде жүзден аса ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Әсіресе өзбек, қарақалпақ және қазақ халқының ежелден қалыптасқан достық жібі бүгінде үзілген емес. Бауырлас туысқан халықтың мәдени байланыс­тарын айтудың өзі артық. Тіліміз бен дініміз, тарихымыз бен тағдырымыз туралы ешкім таласпайды да. Тұрмыс-тіршіліктің қызығы мен тауқыметін бірге көріп келеміз. Барлық салаларда солай деп айтсақ, асыра сілтеген емес.

Өмірдің қиын кездерінде, ауыр жұмыстарда, өтіп жатқан күндер мен мерекелерде әр түрлі ұлт өкілдерінің пікірі қалыптасты. Адамзат баласының татулығына ұмтылу әр халықтың қанында бар, әсіресе ол Өзбекстандықтарда ерекше дамыған.

Өзбекстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғы көркем Өзбекстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы.

Мен туған және өскен жері біртұтас болғанда ғана адам бақытты болады деп ойлаймын. Мен қандай бақыттымын, өйткені сен барсың – менің Өзбекстаным!

Бәйге болса атың артта қалмасын,

Арманыңды ұрпақтарың жалғасын.

Ауыр күнді тағдыр басқа салмасын,

Аман болсын елім және ел басым.

- деп ақын жырлағынындай барша ұлтты бауырына басқан бауырмал өзбек халқы біреуді артық, біреуді кем деп көрмеген.

Мемлекетіміздің бүгінгі таңдағы әлемдік дәрежеде көптеген өркениетті елдермен үзеңгілесіп, дүниежүзілік қоғамдастық белсенді мүшесіне айналуына сарқылмас күшін салып жатқан Президентіміз Шавкат Мираманович Мирзиёевтің еңбегі орасан зор.

«Төбесіз жер, төресіз ел болмайды» дегендей бұл өсиет тектен-текке айтылмаса керек. Бүгінгі өміріміздің барлық жетістіктері, ұлтымыздың жаңа замандағы қайта өрлеп, өркендеуі, рухани, экономикалық еркіндігіміз, дүниежүзілік қоғамдастық пен әлемнің дамыған елдер қатарында болуы, бұлардың барлығы да мемлекетіміздің тәуелсіздігі.

Біз жастар әрқашанда Президентімізбен біргеміз. Өзбекстан көп ұлтты мемлекет, олар бір тудың астында татулықта, бірлікте, ынтымақта, достық қарым-қатнаста өмір сүріп келеді. Еліміздің барлық  саласына айрықша көңіл бөлген Елбасымыз көптеген жаңаланулар енгізді. Атап айтсақ, білімдендіру саласында мектеп, колледж, лицей және жоғарғы оқу орындарында білім нәрімен сусындап жатқан жастар арасында білімділігін одан ары арттыру мақсатында  кітапқұмарлықты жандандырып, жас ұрпақтың кітапқа, білімге деген қызығушылығын нығайта түскені баршаны қуандырады және білімінің шыңына жетуге қайраттандырады.

Ұлттар ара қарым-қатнасты нығайту көршілес елдермен достықта, ынтымақтастық қарым-қатнас жасау мәселелерін де нақты жолға салды. Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзиёевтің Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруына орай 2018-жылғы 15-март күнгі іс сапарымен Астана қаласына барды. Қазақстанның Астана қаласында алғашқы кездесуі жоғары дәрежеде болып өтті. Қазақстан үстіміздегі жылды «Өзбекстан жылы» деп ресми белгіледі. Ал Өзбекстанда қазақтың ұлы ақыны әрі данышпан ойшылы Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын кеңінен үйрену және насихаттау туралы қаулы қабылданды. Бүкіл түркі халықтарының, соның ішінде Өзбек халқының да жүрегінде мәңгі жасап келген ұлы ғұламалардың өшпес мұрасы халықтарымыз үшін одан әрі маңызды мән-мазмұнға ие. Абай Құнанбаевтың  жалпы адамилық және мейір-шапағат сезімдері жоғарғы ноталарда жырланған көркем шығармалары, өнегелі өмірімен, әлеуметтік қызметімен халықтарымыз мәдениетінің дамуына қосқан үлкен үлесін ескеріп, сондай-ақ, өз-ара мәдени-гуманитарлық байлықтарды одан әрі дамыту, ел-жұртымызды қазақ әдебиетінің ұлы қайраткелерінің шығармасымен кеңінен таныстыру мақсатында; Абай Құнанбаевтың “Таңдамалы” шығармасын, сондай-ақ “Өзбек және қазақ әдеби байланыстары” атты әдеби – талдау мақалалар жинағын баспаға дайындау, “Абай шығармаларының білімпазы” мазмұндамалар конкурс байқауын өткізу, Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы  туралы бір қатар бағдарламалар мен көркем және деректі фильмдерді Өзбекстан ұлттық телерадиокомпаниясының телеарналары арқылы көрсету шаралары қолға алына бастады.

Президентіміз Шавкат Мирзиёев “Тарихымыздың, тіліміз бен дәстүріміздің ортақтығы, халықтарымыздың көршілістігі өзбек, қарақалпақ және қазақ мәдени-гуманитарлық саладағы өзара  тығыз іс-қимылының қалыптасуына алғышарт жасады.

«Қазақстан мен Өзбекстанда тұратын диаспора өкілдері қарым-қатынасымызға ерекше сипат дарытып отыр. Олар екі ел арасындағы дәнекер болып саналады. Сіздің ел мен достық пен ынтымақтастықты нығайтуға негізделген бағытымыз өзгермейді», - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев бұған дейін Шавкат Мирзиёев пен Самарқандты өткен кездесуден соң өнеркәсіп, бизнес, энергетика, көлік, сондай-ақ ғарыш және туризм салаларындағы екі жақты байланыс айтарлықтай жандана түскенін айтты. Сонымен қатар Н.Назарбаев көлік транзит саласындағы ынтымақтастықтың арта түскенін, соның ішінде жүрдек поездға арналған Астана-Ташкент темір жол қатнасы, жаңа әуе жолы және автобус рейстері іске қосылғанын ерекше атап өтті.

Өз кезегінде Өзбекстан басшысы екі мемлекеттің халқының достығын нығайту ісіндегі Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін атап өтті. Сондай-ақ Шавкат Мирзиёев Парламентаралық және өңіраралық байланысты жандандырудың маңыздылығына тоқталды.

 

«Қазіргі уақыт адамзат биігін білекпен емес, біліммен бағындырудың заманы. Бүгінде әлем Өзбекстанды жаһандық қауіпсіздіктің табанды жақтаушысы ретінде мойындады. Мен әлемдік бейбітшілік пен татулықтың ұйытқысы болған Өзбектанның болашақтың ғылымына жол ашарына сенемін,»- деді Елбасы «И.Юсупов» атындағы мамандандырылған мектептің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде.

Парасаты мен пайымы, білімі мен біліктілігі мол, ел қамын жеген Президентіміз - біздің мақтанышымыз, əрі тірегіміз. Біз Президентімізбен біргеміз, Президентіміздің саясатын толығымен қолдап, болашақта елімізді талай асулардан асырып,ә лі де биік шыңдарды бағындыратынына сенімдіміз.

«Ханның жақсы болмағы- қарашаның елдігі» деп өз заманында Бұқар жырау жырлағандай, бүгінде Президентіміз елдің тірегіне айналды. Біз Ұлт Көшбасшысының әрбір бастамасына үнемі қолдау көрсететін болсақ, еліміздің келешегі бұдан да жарқын боларына біз кәміл сенеміз.

«Бүгин биз демократиялық процесслерди тереңлестириў, халықтың сиясий белсиндилигин арттырыў, пуқаралардың мәмлекетимиздиң сиясий ҳәм жәмийетлик турмысындағы әмелий қатнасы ҳаққында сөз етер екенбиз, әлбетте, мәлимлеме алыў еркинлигин тәмийинлемей, ғалаба хабар қуралларын адамлар өзиниң пикир ҳәм идеяларын, жүз берип атырған ўақыяларға өзлериниң мүнәсибетин ҳәм позициясын еркин билдиретуғын минберге ерисип болмайтуғынын жақсы билемиз.

Бәршеге мәлим, пуқаралардың мәлимлеме тараўындағы ҳуқық ҳәм еркинликлерин тәмийинлеў мәселеси инсанның мәлимлеме алыў, мәлимлемени ҳәм өзиниң жеке пикирин тарқатыў ҳуқықы ҳәм еркинлигин өзине жәмлеген болып, бул Өзбекстанда демократиялық жәмийет тийкарларын қурыўдың әҳмийетли шәрти, керек болса, тырнағы болып есапланады».

Ислам Кәримов

 

Архив

2018
Май
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031